Профессионал управления проектами (PMP®)

Сертификат сипаттамасы

Project Management Professional (PMP®) сертификаты — жоба менеджменті саласындағы ең беделді кәсіби құжаттардың бірі. PMP атағы басшылар мен әріптестерге маманның жобалық басқарма  бойынша мол білім қорын іс жүзінде тиімді қолдана алатынын әрі осы салада кемінде үш жылдық тәжірибесі бар екенін дәлелдейді.

2024 жылдың 1 қаңтарына қарай әлемде PMP иегерлерінің саны 1 477 869 маманнан асты. Көптеген корпорацияларда жұмыcқа қабылдау немесе мансаптық өсу барысында PMP® мәртебесінің болуы негізгі талаптардың бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша мұндай сертификатқа 478 маман ие болып келеді.

PMP® мәртебесі бар маманның жобадағы рөлі
Жобалық топты басқарып, оның жұмысына жетекшілік етеді.

Емтиханға қатысу талаптары

Жоғары білім (4 жылдық оқу бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесі), жоба менеджменті саласында кемінде 3 жылдық тәжірибе, соның ішінде 4500 сағат жобалық тапсырмаларды орындалуының басқармасына арналған (немесе жалпы орта білім туралы диплом, жоба менеджменті саласында кемінде 5 жылдық тәжірибе, соңымен қоса 7500 сағаттан аз емес жобалық тапсырмаларды орындалуын басқармасы) және сондай-ақ жоба менеджменті саласы бойынша 35 академиялық сағаттық оқудан өтіп, соның нәтижесінде үміткерге PMI немесе оның уәкілетті провайдері 35 кәсіби даму бірлігі — PDU (Professional Development Units) береді.


Өту тәртібі

Өтінім беру, одан кейін көп таңдаулы сұрақтардан тұратын емтихан тапсыру.

Емтихан ұзақтығы: 4 сағат, 180 сұрақтан тұрады.

Құны: 575 USD (PMI® мүшелері үшін — 324 USD).

Растау тәртібі (мерзім және талаптар)

Әр 3 жыл сайын – мәртебені қайта растау; бұл үшін 60 PDU жинау қажет.

Талаптар жөніндегі толық ақпаратты PMP® үміткеріне арналған нұсқаулықтан таба аласыз:

Нұсқаулық